16 сәуір - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні
2025 жылғы 16 сәуірде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне орай «Астана Су арнасы» МКК қызметкерлері Қазақстан су Қауымдастығының медальдарымен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі кәсіпорын аумағында өтті. Марапаттарды Қазақстан су Қауымдастығы төрағасының орынбасары — Нұрмағамбетов Қанат Қабдрахымұлы табыс етті, ол су саласы мамандарының елорданы тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етуге қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Марапаттарға су саласында
елеулі кәсіби тәжірибесі мен үлесі бар кәсіпорынның үздік қызметкерлері ие болды:
1. Олексюк Андрей Иванович-кәріз қызметінің слесары
2.Сыздықов Жақсылық -құрылыс-жөндеу учаскесі слесарларының бригадирі
3.Аристов Дмитрий Анатольевич -сумен жабдықтау қызметінің слесарі
4. Байгабулов Төлеген Рахметуллұлы - құрылысжөндеу учаскесінің слесарі
5. Кабиева Әсел Серікқызы-сынақ зертханасының зертханашысы
«Астана Су арнасы» МКК басшылығы Қазақстан су Қауымдастығына қолдауы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, одан әрі табыстар мен жетістіктер тіледі.


