010005, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тоқпанов көшесі, 33, 307-кеңсе
Артқа
Депутат Дюсенбай Турганов Қазақстандағы ТКШ-ны жаңғыртудағы күрделі мәселелерді көтерді

«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаты Дюсенбай Турганов ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша депутаттық сауал жолдады.

Атап өтілген негізгі мәселелер: инфрақұрылымның жоғары тозуы, толық цифрлық базаның және ашықтықтың болмауы, сондай-ақ кәсіпорындардың заманауи технологияларды енгізуге дайын еместігі.

💧 Су саласы үшін бұл тәуекелдердің артуы мен дамудың тежелуін білдіреді.

Ұсынылған шаралар:
✔️ инфрақұрылымды цифрландыру және түгендеу
✔️ ТКШ бойынша бірыңғай деректер жүйесін құру
✔️ жобалар мен қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстанның су Қауымдастығы салада жүйелі және цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін қолдайды.