Өңірлік экологиялық саммит: Орталық Азия елдері бір алаңда
«Экология – адам өмірінің негізі. Бұл таза ауа мен қауіпсіз су туралы…» 
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік экологиялық саммит (RES) өз жұмысын бастады.
Бұл саммит Орталық Азия елдері мен халықаралық серіктестерді өңірдің негізгі экологиялық және суға қатысты сын-қатерлерін талқылау үшін біріктірді.
Халықаралық Жер күні аясында саммитті аша отырып, Мемлекет басшысы экологиялық күн тәртібі тек климатпен шектелмейтінін, ол адам өмірінің негізгі шарттарын — таза суға қолжетімділік, азық-түлік қауіпсіздігі және қоғамдардың тұрақтылығын қамтитынын атап өтті.
Саммит жұмысына Қазақстан су Ассоциациясының төрағасы — Зейнұлқабден Табиғат қатысуда.
Саммиттің күн тәртібінде су мәселесінің орталық орын алуы Ассоциация үшін айрықша мәнге ие. Климаттың өзгеруі, су тапшылығының ұлғаюы және табиғи ресурстарға түсетін қысымның артуы жағдайында су өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторға айналып отыр.
Қазақстан су дипломатиясын дәйекті түрде дамытып, трансшекаралық су ресурстарын әділ әрі ұтымды басқару бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда.
«Су қауіпсіздігі — Қазақстан үшін де, бүкіл Орталық Азия үшін де ерекше маңызға ие мәселе…», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
