010005, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тоқпанов көшесі, 33, 307-кеңсе
Артқа
Су ресурстарын есепке алу саласындағы өзекті мәселелер дөңгелек үстелде талқыланды
📆2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Су Ассоциациясы (ҚСА) «Су тұтынушыларын аспаптандырудың өзекті мәселелері: сын-қатерлер, шешімдер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
🧑‍🧑‍🧒‍🧒Іс-шараға Қазақстан Су Ассоциациясының, «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК өкілдері, сондай-ақ су есептеу құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер қатысты. 
🎯Дөңгелек үстелдің мақсаты – су тұтынуды есепке алу жүйесін жетілдіру және Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтау саласының а шықтығын арттыру бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу.
Талқылау барысында мынадай негізгі мәселелер қозғалды:
💦еліміздегі су тұтынуды есепке алу жүйесінің қазіргі жағдайы;
💦аспаптандыру саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу;
💦заманауи есептеу құралдарын енгізудің практикалық аспектілері;
💦жабдықты пайдалану мен қызмет көрсетудегі мәселелер;
💦сумен жабдықтау ұйымдары, жабдық жеткізушілер және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл жолдары.
Қатысушылар су тұтынуды есепке алу жүйесін дамыту кешенді көзқарасты талап ететінін атап өтті — заңнаманы жетілдіру, инновацияларды қолдау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша су тұтынуды есепке алудың тиімділігін арттыруға және елдегі тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.